Алматы әкімдігі тұрғындарға 10 сотық жер тауып бере алмайтынын мәлімдеді

0
988

Алматы аумағында бос жатқан жер телімдерінің жоқтығына байланысты, қазіргі таңда жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін ұсыну мүмкін емес.

АЛМАТЫ ӘКІМДІГІНІҢ МАҢЫ. ФОТО NUR.KZ

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматы аумағында бос жатқан жер телімдерінің жоқтығына байланысты, қазіргі таңда жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер телімдерін ұсыну мүмкін емес. Қала жерінің шектеулілігіне байланысты, Алматы қаласының бас жоспарында жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа аудандарды дамыту қарастырылмаған», – делінген хабарламада.

Айта кетелік, Алматының ағымдағы бас жоспары қалалық мәслихаттың 2006 жылы 20 қарашадағы №284-ші шешімімен мақұлданған.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз