«Самұрық-Қазына» қарамағындағы 10 шақты компанияны сататын болды

0
532

Келесі аптада «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамына кіретін 10 шақты компания электрондық аукционға шығарылады.

Бұл туралы  Kazakhstan Privatization форумынан кейін компанияның оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Берік Бейсенғалиев мәлімдеді деп хабарлайды 24 арна.

Оның айтуынша, бұл активтерге Америка құрама штаттары, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қызығушылық танытуда. Жалпы мемлекеттік экономиканы жаңғырту жөніндегі комиссия компанияның 114 кәсіпорнын сату мәселесін қарастырды.

Қазір тәуелсіз сарапшылар бұл активтердің бағасын анықтауда. Ал жекешелендіру үдерісінде көш бастап отырған мекеме – «Қазақстан темір жолы» компаниясы. Ол қысқа мерзім ішінде 20 кәсіпорынды жекешелендірді.

«Қазақстан жекеменшікке 718 компанияны шығарайын деп отыр. Оның ішінде 217 компания «Самұрық-Қазына» қорына тиесілі. «Самұрық-Қазына» оны 2 тізімге бөледі. Біріншісіне 44 өте ірі компания, ал екінші тізімге шағын 173 компания кіріп отыр. Мемлекеттік комиссияға шыққан тізімнің дайындық жұмыстары жүріп, 10 шақты компаниясы келесі жетіде электрондық аукционға шығып, сатылады», – дейді«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді оңтайландыру жөніндегі басқарушы директоры  Берік Бейсенғалиев.

 

Дереккөз: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз