Астанада 23 жастағы жігіт түсініксіз жағдайда жоғалып кетті

0
428

Астанада 23 жастағы Думан Сыздықов жоғалып кетті. Жас жігіт бесінші мамыр күні үйінен шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. Бұл туралы «Бірінші арнаға» сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

ДУМАН СЫЗДЫҚОВ. СКРИНШОТ 1TV.KZ

Думан үйінен шыққан күні жұмысына баруы тиіс болатын. Ол Астанадағы киім тазалайтын мекемелердің бірінде жұмыс істейді. Алайда бастығы жігітті төртінші мамырдан бері көрмегенін алға тартты.

Туысқандарының айтуынша, Думан олармен бір күннен кейін хабарға шыққан. Ол жақсы көңіл-күйде болған. Алайда жетінші мамыр күні оның ұялы телефоны мүлдем жауапсыз қалды. Әлі күнгі дейін Думаннан ешкім хабар ала алмай отыр.

Ата-аналары оныншы мамыр күні полицейлерге жүгінді. Екі апта бойы іздеу еш нәтиже бермеді.

Егер сіз Думанды көрген болсаңыз немесе қандай да бір ақпарат бере алсаңыз, оның жақындары келесі нөмірлерге хабарласуыңызды сұрайды: 8 702 509 98 66; 8 778 357 81 05 немесе 112.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз