Ақтөбеде ішімдікке тойған мектеп директоры полицейлермен жаға жыртысты

1
350

Ақтөбе облысында ішімдік ішкен мектеп директоры полицияға қарсылық көрсетті. Бұл жөнінде  Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының қызметкері Гүлім Жаңғылышева айтты деп хабарлайды Керек-инфо.

Ақтөбеде ішімдікке тойған мектеп директоры полицейлермен жаға жыртыстыКӨРНЕКІ СУРЕТ. ФОТО: TOPWAR.RU

Оқиға Ембі қаласында мамырдың 9-нан 10-на қараған түні болған. Мейрам күні қоғамдық тәртіпті қадағалауға шыққан полицейлер көшеде 36 жастағы ер адамды тоқтатады. Ішімдік ішкен жігіттен мастық дәрежесін анықтау үшін полиция бөліміне баруын сұрайды. Алайда, Алтынды орта мектебінің директоры полицияға қарсылық көрсетеді.

Сот мәжілісінде айыпталушы өз кінәсін толық мойындаған. Мектеп директоры Қылмыстық кодекстің 379 бабының 1 бөлімімен кінәлі деп танылды. Полицияның заңды талабына бағынбағаны үшін оған 63 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Дереккөз: Nur.kz

1 Пікір

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз