Жамбыл облысында сәбиді көліктен лақтырғандар жазадан құтылып кетті

2
834

Жамбыл облысында көлік терезесінен лақтырылған сәбидің  өлімі бойынша ақыры ешкім жазаға тартылмайтын болды деп хабарлайды КТК арнасы.

Жиен немересін машинадан тастап жіберген әйелдің де жүйке жүйесінде ауытқуы бар деп танылып, енді психдиспансерде мәжбүрлеп емделмек.

«Қылмысты есі дұрыс емес кезінде жасағандықтан, ол кінәлі болып тұрса да, ҚР ҚК 16 бабының талабына сай, ол жауапкершіліктен босатуға жатады», – деді судья  Ғалымжан Нұрлықұлов.

Өз жиенін өлімге қиған Бақыткүл Байсенгереева процеске келген де жоқ. Қаулы қайта қаралмайтындықтан, тергеу қапасында отырған айыпталушы енді жүйке-жүйесі кем науқастарды емдететін мекемеге ауыстырылатын болды.

Қалай болғанда, қоғамды дүрліктірген бұл жағдайға қатысты ешкім жауапқа тартылмақ емес. 16 жастағы қыз бен оны жүкті қылған 17 жастағы жігіттің жақындары екіжақты келісімге келгендіктен тергеу ісі сотқа жетпей аяқталған-ды.

Көлік жүргізушісінің де кінәсі дәлелденбей қылмыстық жауапкершіліктен босаған. Ал Бақыткүлдің диспансерде қанша уақыт боларын тек дәрігерлер анықтамақ. Ауруынан айыққан жағдайда босап шығуы да мүмкін екен.

Жантүршігерлік оқиға, жыл басында Талас ауданында болған еді. Көлікте туылған шақалақты нағашы әжесі жүйіткіген машина терезесінен тас жолға тастап жіберген. Бала соның салдарынан шетінеп кетті.

Дереккөз: КТК арнасы

2 ПІКІРЛЕР

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз