Сағадиев: Жерді жалға беру қаптатып қытайды әкелу деген сөз емес

0
465

Жерге қатысты заңдардың барлығын қайта қарау керек. Бұл туралы қоғам қайраткерi, экономист Кенжеғали Сағадиев Жер реформасы жөнiндегi комиссияның үшінші отырысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

«Шетелге жалға беру деген, тек қана, Қытайды әкелу деген сөз емес. Ол тек осы жердi бұзып кететiн адамдарды шақыру, кiм көрiнгенге беру деген сөз емес. Қазiр халықтың қобалжып отырғаны – бiздiң заңдарымыздың қауқарсыздығы. Егер бiз жалға беретiн болсақ, бiрталай уақыт өткеннен кейiн жер шетелдiктердiң меншiгiне өтiп кетедi деген қорқыныш. Бiздiң халықтың айтып жатқаны осы. Ал бiз неге осыған шара қолдана алмаймыз, бiз неге осыған тиiстi заң қабылдамаймыз?» – дейді Кенжеғали Сағадиев.

Сол себепті, ол Жер кодексін қайта қарау керек деп есептейді.

«Жер кодексiн неге қайта қарамаймыз? Азаматтық кодексті, Отбасы туралы заңды, Көшi-қон туралы заңды неге қайта қарамаймыз? Осындай жерге байланысты заңдардың барлығын қайта қарап, соларды жақсылап тұрып бекiтiп, жердi өзінiң меншiгiне сатып ала алмайтындай қылып неге жасамаймыз?», – дейдi Сағадиев.

Экономистiң айтуынша, шетелде жер өте аз сатылады, мүлде сатылмайды десе де болады. Ал Қазақстан жерiн көршiлерден басқа елдерге жалға беру деген дұрыс емес. Елдердi алалаудың қажетi жоқ.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз