Петропавлда жүкті келіншекті автобус қағып кетті

0
269

Облыс орталығында қоғамдық автобус жүргізушісі 22 жастағы қала тұрғынын қағып кетіп, жүргінші оқиға орнында қаза тапты.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Оқиға Петропавл көшелерінің бірінде орын алды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сот алды медициналық – сарапатамалық жұмыстар жүргізілуде.

«Жол — көлік оқиғасы кезінде жүкті жас келіншек қаза тапты. Ауыр жарақат салдарынан есін жия алмаған күйі сол жерде қайтыс болды», – дейді полиция қызметкерлері.

Айта кетейік, 59 жастағы автобус жүргізушісі бірнеше жыл бойы 20-шы бағыттағы қоғамдық көлікті басқарып келген.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз