ОҚО тауларында туристі құтқармақ болған ТЖД қызметкері қаза тапты

0
516

Оңтүстік Қазақстан облысында құтқарушы абайсызда құздан құлап, мерт болды деп хабарлайды 24.kz.

ФОТО: ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТЖД

Тосын жағдай Төлеби ауданындағы Алатау сілемінің бірі – Ақмешіт тау шатқалында болған. Демалуға барған Шымкент қаласының тұрғыны тауға өрмелеп шыққан жолдасының жарқабақтан түсе алмай, қалып қойғанын айтып, шұғыл көмек сұраған. Оқиға орнына құтқару жасағының 4 қызметкері мен бір техника жіберілді. Түнгі уақытта байланыстың жоқтығынан іздеу жұмыстары ертеңіне басталған.

Құтқарушы Жомарт Сарсенбеков жарда түнеп шыққан Травкинді көре сала, құтқармақ болып ұмтылған кезде өзі 300 метр биіктіктен құзға құлап кеткен. 2003 жылдан бері Төтенше жағдайлар қызметінде еңбек еткен Жомарт Орынбасарұлының артында төрт баласы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.

Өзгені құтқарам деп өзі ажал құшқан адал азаматты әріптестері мемлекеттік «Айбын» медаліне ұсынбақ.

 

Дереккөз: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз