Маусым айында суықтықтың үш толқыны күтіледі

0
369

2016 жылдың маусым айында Қазақстанда жылы күндерге ұласатын суықтықтың үш толқыны күтіліп отыр деп хабарлайды Қазақпарат.

Елдің көптеген бөлігінде жауын-шашынның көп мөлшерде түсуі күтілуде, тек Маңғыстау облысында, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде және Қарағанды облысының батысында норматағыдан азырақ болмақ.

«Бір айдың ішінде жылы күндерге ұласатын суықтықтың үш толқыны күтіліп отыр. Айдың басында салқын әрі ылғалды ауа массасына толы циклон жауын-шашынды салқын күн райын соқтырады, елдің солтүстігінде ауаның температурасы 1-6 градус жылылықты көрсетсе, аймақтың жекелеген аймақтарында 2 градусқа дейін суық болады», – делінген «Қазгидрометтің» болжамында.

Елдің батысы мен оңтүстігінде өткінші найзағайлы жаңбырлардан түнде ауаның температурасы 7-12 градус, күндіз 12-20 градусқа дейінгі жылылықты көрсетеді. Оңтүстікте түнде 10-18 градус жылы болса, күндіз 27-35 градус ыстық болады. Одан кейін Орта Азиядан жылы ауа массаларының ағынымен бірге күндізгі ауа температурасының көтерілуі күтіліп отыр: Қазақстанның солтүстік бөлігінде күндіз 23-31 градус, оңтүстік аймақтарда – күндіз 33-40 градус ыстық болады.

«Суық түсудің кезекті екі толқынын айдың ортасында және соңында күтуге болады, қалған күндері көбіне жылы күн райы болжанып отыр. Күндізгі уақытта еліміздің солтүстігінде ауаның температурасы 34 градусқа дейін, ал оңтүстікте 40 градусқа дейін көтеріледі», – деп хабарлады синоптиктер.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз