Үш емес, бес тілде еркін сөйлеуге болады, бірақ…

0
470

 

  • Үш емес, бес тілде еркін сөйлеуге болады, бірақ... 

«Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы меңгерушісі

Мен бұл мақаламды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру саласында жүргізіп жатқан сансыз, сапасыз реформаларының бірі төңірегінде ой қозғамақпын.

Сансыз дейтін себебім: еліміз егемендік алған кезден бастап білім беру саласында неше түрлі бастамалар көтеріліп, аяқсыз, нәтижесіз қалып жатқаны белгілі.

Сөзім дәлелді болу үшін жалынды бастамалардың бір екеуін ғана атап өтейін

1. 1990 жылда бері қолға алынып, 2003 жылы эксперимент ретінде алғаш мыңдаған бүлдіршін 12 жылдық бағдарлама бойынша мектеп партасына отырған, солардың 341 ғана былтыр мектеп, бітіріп, 11 жылдықтармен бірге ҰБТ тапсырды.

Оқулықсыз, оқу-әдістемелік құралсыз тек мұғалімдердің белсенділіктерінің арқасында өйтіп-бүйтіп мектепті бітіртіп шығарды. Эксперимент өтті деген атынан басқа, қандай пайда, зияны, нәтижесі не болды олардың тағдыры одан әрі қалай болды деген сан сұрақтарға министрліктен ешкім де жауап бере алмайды.

2. 1998 жылдан бастап енгізілген кешенді тестілеу, одан әрі Ұлттық бірыңғай тестілеу төңірегіндегі дау-дамайлар да жыл сайын жаңаша сипат алуда.

Жылма-жылғы енгізіліп жатқан түзетулер мен толықтырулардың да бір тоқтамға келері көрінбейді.

3. Төл оқулық, отандық оқулық, жаңа буын оқулығы т.с.с. атаулармен министр өзгерсе оқу әдістемелік құралдар топтамасы да жаңартылып, бірақ бірер жылда қолданыстан алынып, тасталынып отырды.

4. Деңгейлік, I-Lening бағдарламаларына да қыруар қаржаттың бөлінгендігі белгілі бірақ нәтижесіз екендігі және айқын.

Оның бәрін тізе берсем, оқырманды жалықтырып алуым мүмкін сондықтан негізгі мәселеге көшейік.

Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру мен шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында орта мектептердегі сабақтарды үш тілде жүргізу, ағылшын тілін 1-ші сыныптан бастап оқыту мәселелері бүгінде өте өзекті қоғамда қызуталқыға түсіп жатқаны белгілі. Республикамыздың 30 мектебінде сынықтан өтіп, енді оны барлық мектептерге енгізу қажеттілігі туындап тұр екен. Бұлжерде мені ойландыратын мектеп түлектерінің үш тілді еркін меңгергендігі емес, «Бірінші сыныптан бастап, балаға үш тілде сабақ беріп, басын қатырудың қандай қажеттілігі бар?» деген сұрақ.

Мен тіл үйренудегі экспериментті өзінің балаларымен қалай жүргізгендігім жөніндегі тәжрибемді, сіздердің назарларыңызға ұсынайын.

Үлкен балам мектепте 7 сыныпта бастап неміс тілін оқыды, бірақ ағылшын тілінің қажеттілігін түсініп, оны 10 сыныпта 4 айлық ағылшын тілінен ақылы курсқа бердім, аптасына екі рет, барып оқып, сертификатын алды. 11-сыныпта тағы 4 ай сол курсын жалғастырды. Сол біліммен Қазақ Ұлттық университетіне түсіп, басқа студенттермен бірге ағылшынша білімін одан әрі жалғастырды. Негізгі мамандығы шығыстану оның араб бөлімін бітірген. Түрік тілінің қажеттелігін түсініп, өздігінен оны да үйреніп алды. Қазір бес тілде еркін сөйлейді. Ал мектепте оқыған неміс тілі ұмытылып қалды, бұл бір.

Ортаншы балам 7 сыныпта қазақ түрік лицейіне қабылданды, бас аяғы 4 айдың ішінде түрікше, ағылшынша сөйлейтін дәрежеге жетті. Қазақша, орысшасы және бар. Бүгінде қазақша, орысша, ағылшын, түрікшесімен қоса өз қызығушылығымен араб тілін үйренді.

Үшінші балам да кәдімгі қазақ орта мектебінде оқиды. Қазақ, орысша еркін, ағылшынша сөйлеу мәдениеті төмен, өйткені тілді жетілдіретін орта жоқ, бірақ түсінігі жақсы. Түрік сериалдарына қызығушылығынан түрік тілінен өздігінен үйренді. Бүгінде үйренген тілдерін қажеттіліктеріне қарай қызметтерінде пайдалануда.

Біз әйелім екеуміз мектепте университетте неміс тілін, мен ағылшын тілін оқығанбыз. Бірақ қолданбағандықтан, сұраныстың болмауынан, ұмытылды, қайталаса еске түсер мүмкін. Балаларымызға басқа тілдерді үйретуде біз дәрменсізбіз.

Сонымен жастардың ағылшан тілін игеруіне, үйренуіне:

1. Мектепте – 5 жыл (7-12 сынып)

2. ЖОО – 4 жыл

3. Магистратурада -2 жыл, сонда 11 жыл уақыт жетпей ме?!

Менің түсінігімше, тіл үйрену жылмен өлшенбейді, сапамен, қажетті орта құра білумен өлшенеді. Бір жыл оқыт – сапалы оқыт, қажеттілігін түсінетіндей етіп оқыт. Қаншама қаражатты босқа жіберіп, барлық оқушыларды партаға таңып ұстаудың қанша қажеттілігі бар?!

Мектепте 11 жыл оқып, көбейту кестесін білмей шығып жатқан оқушылар да бар. Сонда біз кімді алдаймыз.

Екінші жағынан, Республикамызға қанша жасөспірім ағылшын тілін білуі қажетті және жалпыға бірдей ағылшын тілін білу қаншалықты қажетті?! Сондықтан, үш тілде оқытылатын қанша мектеп, онда қанша оқушылар бар (НЗМ, түрік-қазақ лицейлері, дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мектептер т.с.с). «Қалаға, ауылға енді қанша үш тілді меңгерген мектеп түлектері керек?» деген стастикалық талдау қажет.

Олар жетпей жатса ақылы, ақысыз қосымша тіл үйрету курстарының жұмыстарын жетілдіру қажет. Екінші жағынан келесі жылдан оқушылар бес

күндікке көшетіндіктен, оқушылардың да қосымша оқуға уақыттары жеткілікті болады.

Бірінші сыныптан бастап үш тілде білім алған қаланың қазақ баласы қай тілде ойлап, қай тілде өлең, жыр, шығармашылық туындылар жазады?!

Мен қазақ мектебінің түлегімін, қазақша ойлап, қазақша жазамын. Орыс мектебі түлектері орысша ойлап, орысша жазады. Мүмкін менің көзқарасым ескіше болар, дегенмен экспериментің нәтижесі ойымның дәлелі деп түсінемін.
МҰСТАФАЕВ Ә.П.,

http://alashainasy.kz/bil/ush-emes-bes-tlde-erkn-soyleuge-boladyi-brak-84165/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз