Жүрегімнің төрінен орын бердім

0
522

 

  • Жүрегімнің төрінен орын бердім 

Көктемнің жабырқау күнінде күн болып өміріме енген жан едің. Сені іздемесем де тағдыр өзіңе жолықтырды. Сол күннен бастап ғайыптан жолыққан ғажайыбыма айналдың. Ешкімге мойын ұсынбаған басым саған ғана бағынғысы келді. Аз уақыт бір бірімізге жақын болуға кедергі болмады. Əзірге жүрегімді ешкімге ашпаспын деп жүргенімде, өміріме рұқсатсыз енген алғаш сен едің. Махаббат пен сезімге сенбеймін деп жүріп өзім білмеген сезімдерді оятқан да сен едің. Ғажап жансың-ау өзің. Əр кімнің құшағында,сезім білдірген жанның етегінен ұстап жүре бергім келмейді. Мен бір жанды күттім, үмітім ақталды деп сенемін. Ғұмырымның 19-шы көктемінде ең керемет сыйлық өзің болдың. Өмірімнің 19-шы жылының жаңа парақтарын өзіңмен бастадым. Жəне де білесің бе, соңғы күнімнің парақтарын да өзіңмен аяқтағым келеді. Аллам қанша ғұмыр берсе ,сонша жанымда болғаныңды қалаймын.

Сен – ерекшесің. Əр қыз өзінің идеалын армандайды ғой. Міне, менің бар талап – тілектеріме өзің сай келесің. Күн өткен сайын осыған көзім жетуде. Айтып жатады ғой «айналаңа дұрыстап қара,бақытың жаныңда жүруі мүмкін»деп. Екеуміз бір жерде, тіпті бір мамандықта,тек əр түрлі курста оқиды екенбіз. Арада бақандай 2 жыл өтседе мен сені бірде бір рет көрмеппін. Сенің бар екеніңнен хабарым болмапты. Бəріде» Қалайша байқамадың?!Университетте жүрді ғой. Осындай іс шараға қатыстық қой бірге» деп таңдануда. Иə,қызық,шыныменде. Рас, байқамадым,көрмедім, мүмкін көзіме ілмедім. Ол кезде менің сезімімді түсінбей кеткен жанға ғашық болған шығармын. Сені жолықтырғаннан кейін, олардың еш маңызы қалмады. Жəй ғана алтын уақытымды сол кісіні күтумен өткізгенімді түсіндім. Өзің айтпақшы бəрінің өз уақыты болады. Бізді де осынша уақыт жолықтырмау тағдырымызға жазылған шығар. Тағдыр деген қызық өзі. Жаныңда жүрген адамды байқамай ,алыстағы өзге жанның бақытына көз салып жүресің. Сонында армандағаның қасында болып шығады. Тағдыр – ол да бір тосын сый деп ойламын. Өмір тосын сыйларға толы. Бізді əлі де көп тосын сый күтуде. Сезім атты кітабымыздың бастамасы осы болғай.
Аноним 

http://alashainasy.kz/otbasy/juregmnn-tornen-oryin-berdm-84168/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз