Астанадағы тегін концертке ағылған адам легінен 15 тұрғын жапа шекті (фото)

0
426

Астанада қазақстандық және ресейлік жұлдыздардың қатысуымен өткен Open Air концертіне ағылған адам легінен 15 тұрғын жапа шекті. Ұлттық гвардия кей тұрғындарды концертке кіргізбей қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

ІІД баспасөз қызметінің айтуынша, іс-шара кезінде көрермендер сыймай қалған. Салдарынан 15 тұрғын дәрігерлер көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.

OPEN AIR. ФОТО: NUR.KZ

Жағдайы нашарлап кеткендер арасында аяғы ауыр келіншектер мен балалар болған. Дәрігерлердің көмегінен кейін олар емханаға жатуды қажет етпеді.

ІІД бұл жайтқа қоғамдық тәртіпті сақтағысы келмеген көреремендер себепкер болды деп санайды.

Концертте тәртіпті 1500-ден астам арнайы қызметкерлер қадағалап отырған.

«Астана Арена» алаңында өткен тегін корнцертке отандық және ресейлік эстраданың 30 жұлдызы келген. Олардың арасында Бүркіт, Қайрат Нұртас, Ділназ Ахмадиева, Айқын Төлепберген, «КешYOU» мен «Ринго» топтары, Максим, Джиган, Потап пен Настя Каменских, Егор Крид, Анастасия Волочкова, A-Dessa, Глюкоза, Томас Невергрин, Градусы тобы және Анна Седокова бар.

Астанадағы тегін концертке ағылған адам легінен 15 тұрғын жапа шекті (фото, видео)

Айта кетерлігі, ресейлік жұлдыздардың Астанаға жаппай келуі бірінші рет тіркеліп отыр. Сол себепті, концертке тым көп адам ағылған.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз