Еліміздегі үш ірі жанармай құю бекеті бензин бағасын қымбаттатып сатқан

0
447

 

Монополияға қарсы заңнаманы бұзғандары үшін «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «»Гелиос» ЖШС және «Sinooil»ЖШС айыппұл салынды деп хабарлайды ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің баспасөз қызметінен.

«Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестік қорғау комитетімен (ТМРБҚК) 2015 жылғы қыркүйекте ЖЖМ-ге босату бағаларының көтерілуіне байланысты монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау нәтижелері бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы бұзушылықтарға жүргізілген тергеп-тексерулер негізінде «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Гелиос» ЖШС және «Sinooil» ЖШС қатысты әкімшілік іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылғы 1 маусымда АИ92/95 м аркалы бензиндеріне бағаларды көтеру және ұстап тұру жөніндегі бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдарды жасауда байқалған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 159-бабының 2-бөлігін бұзу фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС, «Гелиос» ЖШС және «Sinooil» ЖШС тартылғандығы туралы Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысы заңды күшіне енді.

«Бұрын «Гелиос» ЖШС және «Sinooil» ЖШС ұқсас бұзушылықтары үшін әкімшілікке тартылғаны туралы Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысы заңды күшіне енгендігін атап өтеміз, олармен айыппұл және алынған монополиялық кіріс мемлекет бюджетіне жалпы сомасы 94 млн. теңгеден астам төленді»,-деп көрсетілген хабарламада.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС төлейтін сомасы 88 млн теңгеден асады.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз