Алматының түлектері ҰБТ-ның бірінші күні-ақ рекорд орнатты

0
443

Алғашқы тесттің нәтижелерін естіген түлектердің бірі қуаныштан секірсе, бірі жылап жүр. Дегенмен, жоғары балл алғандардың қатары көп секілді деп хабарлайды КТК арнасы.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО NUR.KZ

2 маусымда Алматының бір ғана тест тапсыру орталығының өзінде 125-ті 5 адам жинапты. Биыл сынаққа қатысушылар саны 87 мыңға жуықтайды. Олардың басым бөлігі қазақ тілділер екен.

Ал, енгізілген өзгеріс – түлектер 50 балдан төмен алса да, жоғары оқу орнына түсулеріне мүмкіндіктері бар. Яғни, ақылы түрде сынақты қайта тапсыра алады. Айта кетейік, биыл осыған дейін қалыптасқан форматтағы ҰБТ елімізде соңғы рет өткізілуде.

Екінші маусымнан бастау алған Ұлттық бірыңғай тестілеу маусымның 10-ына дейін жалғаспақ. Ал, үлкен міндеттен абыроймен құтылған түлектер алдағы уақытта мемлекеттік грант үшін өзара таласатын болады. Биыл үкімет есебінен тегін оқуға 32 мың абитуриенттің мүмкіндігі бар.

 

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз