ҰБТ-ның алғашқы күні: көз жасы, «шпорлар» және үздіксіз қоңырау шалулар  

0
518

ҰБТ-ның алғашқы күні аяқталды. Енді түлектер өз нәтижелерін сарғая күтіп отыр. Нәтижелер кешкісін белгілі болады деп хабарлайды NUR.KZ.

ФОТО: КАРАНДАШОВ ПЕТР

ҰБТ тапсырып болған түлектерді жақындары гүлмен қарсы алуда. Көбі көтеріңкі көңіл-күймен шығып жатыр.

«Бәрі сәтті өтті. Жақсы нәтижелер күтемін. Өзім дайындалғандықтан, грантқа түсемін деп үміттенемін. Қиын болмады», – дейді Галина.

Онымен Айым да келісіп отыр: «Сұрақтар қиын емес. Жаңа сұрақтар кездесті, бірақ мен оларға жауап бере алдым. Жақсы болады деп үміттенемін».

«Бәрі керемет, еш қиналмадым. Иә, жаңа сұрақтар кездесті, дегенмен ауыр емес. Қазір біртүрлі ішкі жан-дүнием қаңырап қалғандай, бірақ жеңілдеп қалдым. Бәрі артта. Бір жыл бойы дайындалдым. Сондықтан беске тапсырдым деп ойлаймын», – дейді Дана.

ҰБТ-ның алғашқы күні: көз жасы, «шпорлар» және үздіксіз қоңырау шалулар

Сол арада түлектер өздерінен кейін тапсыратындармен тәжірибелерін бөлісіп жатса, ата-аналар тыныштандыратын дәрілерін бөлісіп әлек. Себебі, ҰБТ-да баласының сәтті тапсыруына ата-аналар да алаңдайды.

«Ауыр болды, өте ауыр. Тек өту ұпайын жинай алған шығармын. Математикадан біз дайындалмаған жаңа сұрақтар келді», – дейді Әсел мен Данеля.

Айта кетерлігі, шыққандардың көбі математиканың ауыр болғанын айтуда.

«Ең ауыры – математика. Көп шешу керек. Айтарлықтай уақыт алады. Кейбір сұрақтар дұрыс қойылмаған. 70-тен жоғары жинадым деп ойлаймын», – дейді Артур.

Жас жігіт кейбір ҰБТ тапсырушылар телефонмен және шпаргалкалармен ұсталып қалғанын айтты.

«БҒМ өкілі кіріп келді. Екі түлекті ұстап алды. Оларды ҰБТ-дан шығарып жіберді. Бір қыздың телефоны шырылдады. Оның телефонын тартып алғанымен, ҰБТ-дан қумады», – дейді ол.

Еске салсақ, екінші маусымда бүкіл Қазақстан бойынша ҰБТ басталды. Ол 15 маусымға дейін созылады.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз