Ақтөбеде тағы 5 террористің көзі жойылды

0
474

Ақтөбеде тағы 4 террористің көзі жойылды. Бұл туралы ҰҚК-нің ресми сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Арнайы жасақ пәтерде тығылған лаңкестердің көзін жойған.

«Қазақстанның антитеррорлық орталығы Ақтөбедегі арнайы операция барысында іздеуде жүрген лаңкестердің көзі жойылғанын хабарлайды. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде лаңкестердің Некрасов көшесіндегі пәтерлердің біріне тығылғаны анықталды. ҰҚК мен ІІД-нің арнайы жасағы террористер тығылған пәтерді қоршауға алды. Террористер бейбіт түрде беріліп, қаруларын беруден бас тартты. Осыдан соң, арнайы жасақ өкілдері пәтерде жасырынған 4 бүлікшінің көзін жойды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Сол уақытта Мясоедов және Арынов көшелерінің қиылысында лаңкестердің сыбайласы полиция экипажына оқ атты. Қарсы атылған полицейлер оғынан лаңкес мерт болды. Екі полиция қызметкер жеңіл жараланды деп хабарлайдыҚазақстан жаңалықтары.

Бейбіт тұрғындар мен әскерилердің арасынан қаза болғандар жоқ.

Терроризммен күресу орталығы Ақтөбедегі қалған бүлікшілерді іздестіру жұмыстарын жалғастыруда.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз