Ақтөбеде арнайы операциядан кейін 3 адам ауруханаға жеткізілді

0
383

Бүгін Ақтөбедегі емдеу мекемелеріне арнайы операция кезінде жараланған 3 адам жеткізілді. Науқастардың жағдайы өте ауыр деп хабарлайды 24.kz.

ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ ФОТО: DARYADARYA.LIVEJOURNAL.COM

Дәл қазір дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап бағуда.

Сонымен қатар Ақтөбе қаласының ауруханаларында лаңкестік әрекеттер салдарынан зардап шеккен 16 адам емделуін жалғастыруда деп хабарлайды ДСӘДМ баспасөз қызметі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық ұйымдарының мәліметінше, 5 маусым мен 10 маусым аралығында Ақтөбе қаласы стационарларына барлығы 39 адам жеткізілген, оның ішінде 4 адам облыстық ауруханаға, 33 адам жедел медициналық көмек ауруханасына (1 пациент 10 маусым күні сағ. 09:40-та), 2 адам теміржол ауруханасына (10 маусым күні сағ. 05:00-де) жіберілді. Аталған уақыт аралығында стационарлардың ауруларды қабылдау бөлмесі деңгейінде 16 пациентті амбулаторлық емдеу бойынша ұсынымдар берілді.

Барлығы зардап шеккен 23 пациент ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 2 адам стационарда қайтыс болып, 5 пациент ауруханадан шығарылды.

Қазіргі таңда Ақтөбе қаласының стационарларында 16 зардап шеккен азамат емделуде, оның ішінде 13 адамның жағдайы орта деңгейдегі ауыр, 3 пациенттің жағдайы ауыр деңгейде деп бағаланып отыр.

Бүгін ауруханаға жатқызылған пациенттердің бірі республикалық санитарлық авиация көмегімен Нейрохирургия ұлттық орталығына жеткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін түс ауа ақтөбелік құқық қорғаушылар іздеуде жүрген 4 лаңкестің жасырынған жерін қоршауға алып, олардың көзін жойған еді. Тағы бір сыбайластары оққа ұшты. Бірақ қарулы қақтығыс кезінде 2 тәртіп сақшысы жарақат алды.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз