Олжас Сүлейменов Ақтөбедегі терактіні «трагедия» деп атады

0
433

Қазақстандық белгілі жазушы Олжас Сүлейменов Ақтөбедегі терактіні трагедия деп атады. Ол 5 маусымда Ақтөбеде болған оқиға жайлы пікірін«Шипажай-2016» форумының үзілісінде айтты, деп хабарлайды Ұлт.кз.

Сүлейменовтің айтуынша, бұл трагедия ашындырып қана қоймай, сонымен қатар алаңдатады.

«Бұл кенеттен болған оқиға емес. Бұл әйтеуір бір жолдармен дайындалған, сондықтан осы бір ғана актпен біте салмауы мүмкін. Түсінемін, билік 25 жыл бойы жоламай келген жағдайға шын мәнінде алаңдап, қам жеуі керек. ТМД-ның барлық елінде мұндай жағдай түрлі ерекшеліктерімен болды. Ресей Федерациясында да жағдайды тұрақсыз ету әрекеттері болды, барлық елде болды, Қазақстаннан басқа. Меніңше, қазір билік қана емес, бүкіл қоғам осы оқиғаға назар аударып, мән беруі керек, бізде соңғы жылдары туған көңіл-күйдің бастапқы белгілері деп білуі керек», — деді ол.

Еске сала кетсек, 5 маусым күні Ақтөбеде теракт болып, салдарынан бейбіт тұрғындар мен әскерилер қаза тапты.

 

Дереккөз: Ult.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз