Теміртауда тұрғындар адам шошытарлық «модернизация» үшін 10 жыл несие төлеуге міндеттелді (фото)

0
441

Теміртаудағы мемлекеттік бағдарламамен 15 млн-ға жөнделген тұрғын үйдің шатырынан суы сорғалап халықтың берекесін қашыруда.

Модернизация жобасына іліккен тұрғындар компанияның шала ісі үшін он жылдап несие төлейміз деп қапалы. Ренжулі тұрғындармен өңірдегі NUR.KZ тілшісі тілдесіп қайтты.

Әкімдіктің «бәрін қатырамыз, сылаймыз, сипаймыз» деген сөзі желге ұшті дейді көпшілік.

Татьяна Иванова Теміртаудағы Мичурина 23 үйде жиырма жылдан бері тұрып келеді. Кеңестен қалған ғимарат болғандықтан, іші-сыртын жөнге келтіруге көршілерімен ақылдасыпты. Бір үйде сексен отбасы әкімдікпен келісімшартқа отырған «Руслан» құрылыс компаниясына жүгінген. Айына әр әулет 1500-2000 теңгелік он жылдық несиеге де көз жұмдық дейді.

«2014 жылдың қараша айында су жаңа ғып тапсырды бізге. Бірақ, қыста дәліздегі терезелерге мұз қатады. Ғимараттың сыртына жағылған сылақтары нашар, бәрін үнемдеп жасаған», – дейді тұрғын Татьяна Иванова.

Ал осы үйдің бесінші қабатында тұратын Шарапат Қайыпберді «жаңбыр жауса, баспанада қолшатырмен отырамыз» дейді. Себебі, шатырынан тоқтаусыз су сорғалайды. Кесірінен қабырғалары көгеріп, үйі сыз тартып кетіпті. Шарапат бұрын-соңды ондай болмағанын айтады. Жаңасынан ескі үйлері мың артық болыпты.

«Шыны керек, жаңбырда су астында қалып, үйімізге жасалған жөндеу жұмыстарымыз далаға кетті. Жиһаздың бәрі судан істі. Мердігер компанияғы мың рет бардық. Еш нәтиже көріп отырғанымыз жоқ», – дейді тұрғын Шарапат Қайыпберді.

Мемлекеттік бағдарлама арқылы «Руслан» құрылыс компаниясы 15 млн теңге алып, тұтас тұрғын үйдің жөндеу жұмыстарын өз мойнына алған. Алайда, ісім шала болды деп отырған жоқ дейді халық. Себебі, бір жарым жылда табалдырықтарын тоздырғанын айтады. Бір ретте төбе көрсетпепті. Ал, мердігерлермен келісімге отырған жергілікті билік бұқараның мұңын тілшілерден естіді.

«Тұрғындар бізге шағым жазбады. Ертен аталған көшеге барып, мән-жәйді білеміз. Ал компания үш жылдық кепілдікпен жасады. Сондықтан да, барлық олқылықтарын өздері өз қаржыларына жөндейді», – дейді Теміртау қаласы тұрғын үй инспециясының сектор меңгерушісі Ирина Вундер.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз