Түнде үйіне лаңкестерді ертіп келген Арсен Таңатаровтың көршілері көз ілмеген (фото)

0
504

Түнде серіктестерін үйіне ертіп келген Арсен Таңатаровтың өзі қолға түспей қашып кеткен болатын. Бүгін ҰҚК соңғы лаңкестің де ұсталғанын мәлімдеді.

Бұл туралы аймақтағы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Түнде ұсталған екі лаңкесті полиция жедел жəрдем ауруханасына жеткізген. Оқиғаны көзімен көрген Жаманқұлов көшесіндегі жатақхана тұрғындары түнімен ес жинай алмай жүргенін айтады. Жақын маңнан атылған оқ дауысынан естерінен танып құлаған тұрғындар болған.

«Оразада ауызымды ашып, терезенің алдында отырғанмын. Сағат 11-лер шамасында астан-кестен болдық. Екі рет оқ атылды.  Аулада қан іздері жатыр», – дейді тұрғын Ұлжан Ержігітова.

Жаманқұлов көшесіндегі жатақхана – іздеуде жүрген Арсен Таңатаровтың мекен жайы. Қолға түспей қашып кеткен оны барлық пəтерден іздеген. Үйлерінде жоқ тұрғындардың есіктері сындырылған.

«Террористерді іздейміз деп есігімізді сындырып кеткен. Енді үйге кіруге қорқып жүрміз», – дейді Бағдагүл Жүгінісова.

Қала əкімінің орынбасары тұрғындарға келген шығынның қалыпқа келтірілетінін айтады.

Түнде Асау барақ көшесінің тұрғындары да ұйықтаған жоқ. Олар қару асынған 5-6 сақал кісінің көшеде жүргенін көрген.

Тұрғындар «Сақалдылар жан-жақтан Ақтөбеге қарай жиналып жатыр», – деген əңгіменің көбейіп кеткенін айтады. Халық үреймен отыр.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз