ҰҚК Ақтөбе халқының қауіпсіздігі қатаң бақылауда екенін мәлімдеді

0
476

ҰҚК Ақтөбедегі жағдайдың тұрақталғандығын мәлімдеді деп хабарлайды аймақтағы NUR.KZ тілшісі.

ФОТО: EADAILY.COM

«12 маусымда басталған террорға қарсы операция аяқталды. 9 қылмыскер тұтқындалып, 18-нің  көзі жойылды. Тұтқындалған қылмыскерлер әрбір қылмысы үшін заң алдында жауап береді.  Республикалық жедел жəрдем штабының нұсқауымен жағдай қызыл деңгейден сары деңгейге түсірілді»,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.

Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері алдағы уақытта ел тұрақтылығының қатаң бақылауда болатынын айтты.

«Лаңкестерге қатысты 25 қылмыстық іс бір өндіріске топтастырылды. Қылмыскерлерді іздестіруге қол ұшын тигізген барлық ақтөбеліктерге алғыс айтамыз»,- деді Нұрғали Білісбеков.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз