Ресейлік қайраткер: Қазақстанды мүлде мемлекет деп айтуға болмайды

0
398

Ресей тарапынан Қазақстаның егемендігі мен территориялық тұтастығына күмән келтіретін тағы бір мәлімдеме жасалды.

Бұл туралы Қамшы порталы хабарлайды.

Кеше «Русь православная» талдау агенттігінің директоры Константин Душеновтың мәлімдемесі ресейлік БАҚ-та таралуда.

Константин Душенов өзінің жеке сайтында Ақтөбе қаласында 5 маусымда болған қанды оқиғаға «Ресейдің қауіпсіздігіне қатер төндіреді» деп баға бере келе, «Қазақстан тек қазақтардың елі емес. Қазақстанды мемлекет деп айтуға мүлдем болмайды. Ол Ресейдің көмегімен хат таныған тайпалардың бірлестігі» екендігін айтып отыр.

Ақтөбедегі оқиға діни фанатизмге бой алдырғандардың ісі дей келе, ол оқиғаның «Ресейге, Қазақстандағы орыс диаспорасына қауіп төндіретінін, жергілікті ұлтшылдардың Украина, Балтық елдеріндегідей антиорыстық шу шығаруға пайдаланатынын» болжап отыр.

«1991 жылы заңсыз алынған, орыстар қоныстанған Ресей территориясы Қазақстаннан қайтарылып, Ресей құрамына өтуі керек!», – делінген ресейлік қайраткердің жазбасында.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз