Баян Есентаеваның ауруханадағы суретін таратып жіберген адам іздестіріліп жатыр

0
1138

Талғар аудандық ауруханасында қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Баян Есентаеваның суретін кім таратып жібергенін анықтамақ, деп хабарлайды BNews.kz.

«Мұны кім істегені әзірге белгісіз, алайда қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Егер ол аурухана қызметкері болып шықса, міндетті түрде жұмыстан босатылады. Шынын айтқанда, біз мұндай жағдайға алғаш рет тап болып отырмыз. Міндетті түрде шара қолданамыз», – деп атап өтті Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мамандары.

Сонымен қатар, продюсердің сіңілісі Бағым Мұхитденова Instagram-дағы парақшасында халықтан Баянға тыныштық беруді өтінді. Ол да суретті түсірген адам міндетті түрде жазаланатынын атап өткен.

«Қазір Баян қорғансыз күйде жатыр. Ол сіздердің орынсыз пікірлеріңізге жауап бере алмайды, (этикадан, адамгершіліктен, қала берді мәдениеттен жұрдай аурухана мейірбикелерінің бірі түсіріп алған) суретін жариялап жібергендерге тыйым сала алмайды…», – деп жазды Бағым Мұхитденова.

Естеріңізге сала кетейік, 10 маусым күні Құлжа тасжолының бойында Баян Есентаеваны күйеуі ауыр соққыға жығып, пышақтап тастаған болатын. Қазір продюсер жансақтау бөлімінде жатыр.

 

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз