Ғалымдар артық салмақпен күресудің жаңа тәсілін тапты

0
471

Зерттеушілер мыстың семіруге қарсы жаңа тәсіл ретінде пайдалануға болатынын анықтады. Бұл металл нутриент май жасушаларын ажыратуда бастапқы рөл атқарады.

Бұл туралы Массагет жазады.

Мыстан ұзақ уақыттан бері ыдыс-аяқ, электроника, зергердік бұйымдар және осыған ұқсас басқа да заттарды дайындау үшін пайдаланылып келген. Алайда соңғы ғасырда аталған металл ағзадағы атқаратын белгілі бір биологиялық қызметтерге әсері өзіне үлкен назар аудартты.

Мыстың қызыл қанды ағзаларды қалыптастыру, темірдің сіңірілуі, біріктіруші тіннің дамуы және иммундық жүйені қалпында сақтау үшін пайдалы екені анықталған. Ал енді ғалымдар мыстың майдың зат алмасудағы рөлін де дәлелдеп шықты.

Берклидегі Калифорния университетінің зерттеушілері мыстың энергия көзі ретінде пайдалынатын май жасушаларын ажырату үшін қажет екенін анықтады. Онда мыс реттеуші рөлін атқарады. Ағзада мыс неғұрлым көп болса, соғұрлым майдың үлкен көлемі ажыратылады. Зерттеу авторлары мыстың жетіспеушілігі семіздік және онымен байланысты ауруларға әкеліп соқтыра алатынын да шамалап отыр.

Ғалымдар бұл металдың ағзада өздігінен шығарылмайтынын, және мыстың қажетті көлемі азық-түліктердің көмегімен алынуы тиіс екенін еске салады.

Дереккөз: massaget.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз