Ақтөбеде ұшақтан өлім жағдайында түскен шетелдікті дәрігерлер құтқарып қалды

0
423

Ақтөбеде Ұлыбритания азаматшасы ұшақтан клиникалық өлім жағдайында түсті. Бұл туралы «Диапазонға» сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Ақтөбеде ұшақтан өлім жағдайында түскен шетелдікті дәрігерлер құтқарып қалды

Исламабад-Лондон бағытындағы ұшақ Ақтөбеде жедел қонуға мәжбүр болған. Себебі, 64 жастағы шетел азаматшасы өкпе қабынуы мен диабеттің салдарынан есінен танған.

Мухамедий Нурбиби оныншы маусым күні Исламабадтан Лондонға ұшуы тиіс болған. Алайда ұшақта бір сағат отырғаннан кейін оның жағдайы нашарлай түскен.

«Әйел клиникалық өлім жағдайында болды. Қысымы түсіп, демалысы нашарлап кетті. 20 жыл диабетпен сырқаттанған әйелдің өкпесіне салмақ түскен. Оның қанын 20 сағат бойы тазартып, ем көрсеттік. Тек үшінші тәулікте ғана Нурбиби есін жинады. Төрт күн бойы аппаратқа қосылып жатты. Пәкістаннан Ақтөбеге жұмыс істеуге келген кардиолог әуежайдан пәкістандық ұшақты байқап қалып, жерлесіне көмектесу үшін емханаға еріп келген. Ол есін жиғанда біз бір-бірімізді әзер түсіндік. Нурбибимен бірге ұлы ұшақта болған. Кейін әйелі мен қызы ұшып келді. Шетелдік азаматша біздің дәрігерлерге шексіз алғысын білдірді», – дейді реаниматолог Қамалхан Ермағамбетов.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз