Петропавлдық полицей көпірден секіріп өлгісі келген бойжеткенді құтқарып қалды

0
453

Петропавлдық полицей көпірден суға секірмек болған бойжеткенді құтқарып қалды деп хабарлайды 24.kz.

РУСЛАН АҚМАТОВ. ФОТО: СҚО-НЫҢ ІІД-НЕН АЛЫНДЫ

Таңертең кезекшілікке түскен кіші сержант Руслан Ақматов әріптесімен бірге шұғыл шақырту бойынша Есіл өзенінің өткеліне келіп жетеді. Мұнда 26 жастағы қала тұрғыны темір бағанның бойымен жоғарыға өрмелеп, өз-өзіне қол салуға оқталған.

Тәртіп сақшысы қоса көтеріліп, қызды аман-есен жерге түсіреді. Ерлігімен көзге түскен полицейдің құқық қорғау қызметінде еңбек етіп жүргеніне 3 жыл болған. Бокстан спорт шеберіне үміткер «бұл – менің жұмысым әрі міндетім» дейді.

«Мен онымен сөйлесіп, сабырға шақырдым, секірмеуін өтіндім. Бірте-бірте жақындап, қатты құшақтап алдым. Сол сәтте бірге құлауымыз да мүмкін еді. Өйткені ол жұлқынып, «Жібер!» деп айқай салды. Әрине, қорқыныш болды. Дегенмен бәрі ойдағыдай аяқталды», – дейді қалалық ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік полициясының инспекторы Руслан Ақматов.

 

Дереккөз: 24.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз