Мырзахметов шегірткенің көбейіп кеткеніне шенеуніктерді кінәлады

0
423

Ауыл шаруашылығы министрі егін алқаптарында  шегірткенің неліктен көбейгенін түсіндірді. Асқар Мырзахметовтың айтуынша, зиянкестердің еселеп артуына алдын-ала қамданбаған жергілікті шенеуніктер кінәлі.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Оның үстіне бұған дейінгі жылдармен салыстырғанда, биылғы шегірткелердің шабуылы түк емес дейді министр.

«Мәселе шегіртке қаптағаннан емес, жоспарлы түрде өңделетін алқаптарда дер кезінде жұмыс жүргізілмеуі себепті орын алып отыр. Бұны 2002 жылдағы шегірткенің қаптағанымен салыстыруға болмайды», – дейді Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов.

Осы зиянкестердің кесірінен әсіресе, оңтүстіктің диқандары мол шығынға батып жатыр. Жүздеген гектар жерге егілген жеміс-жидек пен қарбыз-қауындарын шегірткелер жайпап тастаған. Шенеуніктерді түк бітірмей отыр деп айыптаған диқандар қазір зиянкестермен өздері күресіп жүр.

Бір қызығы, Ауыл шаруашылығы министрлігі мамыр айында зиянкестермен күреске 2 миллиард 700 миллион теңге алған екен. Алайда, бұл көмек шалғайдағы аудан-ауылдарға жетпей жатқанға ұқсайды.

 

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз