Әблязовтің заңгерінің мәскеулік пәтерінде үш өртелген мәйіт табылды

0
671

Қазақстандық бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің заңгерінің мәскеулік пәтерінде үш өртелген мәйіт табылды. Бұл туралы mk.ru сайтына сілтеме жасапNUR.KZ порталы хабарлайды.

Мәскеудің Пятницкая көшесіндегі пәтерлердің бірінде аяусыз өлтірілген үш адам туралы ақпарат жергілікті тұрғындарды есеңгіреткен. Онда өртелген мәйіттердің бірінің басы түгелдей дерлік шабылған, ал өзге екеуінің денесі пышақ жарақаттарына толы.

Пәтер иесі – Мұхтар Әблязовтің бақылауында болған 5 млрд доллар тұратын ресейлік активтерге қатысты уақытша басқарушылардың мүддесін қорғайтын танымал заңгер Олег Колотилов болып шыққан.

ӨЛІТІРІЛГЕН ЕР АДАМДАРДЫҢ ЗАТТАРЫ. ФОТО: ДМИТРИЙ ПОГОРЕЛОВ

Бүгінде заңгер тергеліп жатыр. Белгілі болғандай, шамамен сағат таңғы онда екі бөлмелі пәтерден өрт шығып, одан шамамен 30 жастағы үш ер адамның мәйіті табылған.

Полицейлер оларды өлтірмес бұрын азаптағанын анықтаған. Кей мәліметтерге сәйкес, Колотилов пәтерді компания қызметкерлеріне қызметтік баспана ретінде алған.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз