Алматыдағы жауын салдарынан Mega Alma-Ata орталығының төбесі опырылып түсті

0
347

Бүгін Алматыда нөсер жауынның салдарынан Mega Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығының төбесіне қағылған гипсокартонның сынығы еденге құлады.

Бұл туралы Mega Center Management коммуникация департаментінен хабарлады деп жазады Қазақпарат.

«Бүгін Алматыда күндізгі сағат 13:20-да MEGA-2-нің төбесінен гипсокартонның бір сынығы еденге құлады. Оған су ағатын құбырдың жарылуы себеп болды. Қазір оқиға орнында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендер жоқ», – делінген департаменттің хабарламасында.

Айта кетелік, бұған дейін нөсер жауынның салдарынан әл-Фараби даңғылын су басқандығы және Есентай Молл кешені тұсындағы жерасты өткелінің суға толғандығы туралы хабарланған болатын.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз