Алматыда нөсер жауын салдарынан көшелерді су басты (фото)

0
399

 Алматыда нөсер жаңбыр жауып, қала көшелері суға кетті деп хабарлайдыNUR.KZ тілшісі.

Әсіресе, қаладағы Абай, Әл-фараби мен Достық даңғылдарындағы көлік қозғалысы нашарлады. Қалалық ТЖК өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, қаладағы 25 аула суға кеткен.

Алматыдағы Алатау ауданынан құтқарушыларға жиі қоңырау түсуде. Бүгінде қалалық ТЖК мен  Алматы әкімдігі  жанындағы құтқару бөлімшелері қызметкіне кірісті.

Қазіргі сәтті нөсер жауыннан зардап шеккен тұрғындар әлеуметтік желіге фото мен видеолар жүктеуде.

«Интересная Алма-Ата» тобында жүктелген фотолардың бірінде автобустың іші суға кетіп, жолаушылардың су кешіп отырғанын байқауға болады.

Алматыда нөсер жауын салдарынан көшелерді су басты (фото, видео)

Алматыда нөсер жауын салдарынан көшелерді су басты (фото, видео)

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз