БАҚ Ильинді кемінде екі жылға біліктілігінен айыратынын болжауда

0
885

Barbend.com порталы қазақстандық Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанло тап болған ауыр атлетикадағы допинг-жанжалының салдары туралы пікірімен бөлісті.

Бұл туралы Қазақпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

«Егер допинг-тестілердің қайтадан жүргізілген нәтижелері оң көрсеткішке ие болса, екі дүркін Олимпиада чемпионы, Илья Ильин, сондай-ақ тағы тоғыз спортшы Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада ойындарына қатысудан шеттетіледі, сондай-ақ кемінде екі жылға біліктіліктерінен айырылады», – деп жазды басылым.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз