Мэлс Елеусізов Қазақстанда Қытай қаупі жоғары екенін жасырмады

0
477

 Жер сату мәселесі тек референдумда шешілуі керек. Эколог Мэлс Елеусізов Жер комиссиясының отырысында осылай деп мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Бізде жерден басқа да мәселе көп. Бірақ, шиеленіс осы жер мәелесіне келгенде туып отыр. Жер шетелге беріледі дегенде ешкім бізге Германия келеді деп ойламайды. Бар мәселе көршімізде болып отыр. Қытайда елші болған Мұрат Әуезовтің Қытайдың құпия мәлімет, жоспарлары туралы айтқанын білеміз. Бізде Қытай қаупі жоғары. Ақтөбеде мұнай орындарын алған қытайлық компаниялардың қалай жергілікті халыққа тізесін батырып отырғанын көріп жүрміз. (…) Ауылда жұмыс жоқ. Мал бағайын десе жем, шөп қымбат. Ауыл халқы қалаға келіп жұмыс істеуде. Ұлтымыз күзетшілер ұлты болып бара жатыр. Жер туралы айтқанда сол ауылды көтерудің жайын қарау керек. Ал, мына жер мәселесін тек референдумда шешу керек. Биліктің бүгінде халық алдында беделі төмен, халықтың сенімі күн санап азайып барады. Сол беделді қалпына келтіру үшін де референдум жариялап, жер сату мәселесін халықтың өзі шешуіне мүмкіндік беру қажет», – дейді эколог.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз