Ақмола облысында ата-әжесіне келген екі бала ажал құшты

0
475

 

  • Ақмола облысында ата-әжесіне келген екі бала ажал құшты 

Зеренді ауданында жазғы демалыста ата-әжесіне келген екі бала өрт салдарынан қаза тапты.
ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, 19 маусымда сағаат 00:47-де Зеренді ауданы Васильковка ауылында жеке үйде өрт шыққан.
Өрт бір сағаттан кейін сөндірілген. Ол 20 шаршы метрді шарпыған. Өрттің орнынан 2007 және 2008 жылғы екі баланың денесі табылды.
Өртке жлектр жабдықтқы дұрыс пайдаланбау себепші болды деген болжам жасалды. Бір тоқ бергіш жіпке бірнеше құрылғы жалғанған. Ол қысқа тұйықталуға әкеліп соққан. Ұйқыда жатқан балаларға өрт кезінде шыққан ыс тиген.
Өрт сөндіруге облыстық ТЖД-ның 10 маманы және 2 техникасы, «Өрт сөндіруші» АҚ-ның 6 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған.
www.inform.kz/kaz/article/2916263

http://alashainasy.kz/okiga/akmola-oblyisyinda-ata-ajesne-kelgen-ek-bala-ajal-kushtyi-84696/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз