Илья Ильин 2008 жылы да допинг қолданған болып шықты

0
503

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамаларды қайталама сараптамасының нәтижесін жариялады деп жазады Қазақпарат.

ИЛЬЯ ИЛЬИН. ФОТО: VESTI.KZ

Кері нәтиже көрсеткен талдаулар:

Арменияның Ауыр атлетикадан әйелдер құрамасының мүшесі, Еуропа чемпионы Рипсиме Хуршудян. Оның талдауынан станозолол (S1.1) табылғаны расталды.

Молдова зілтеміршісі Александр Дудогло – станозолол (S1.1).

Екі ресейлік спортшы: Надежда Евстюхина – дегидрохлорметил-тестостерон метаболиттары (S1.1 анаболикалық агенттер) және Марина Шаинова – станозол мен дегидрохлорметил-тестостерон .

Нуркан Тайлан (Түркия) – станозолол (S1.1).

Интигам Заиров (Әзербайжан) – дегидрохлорметил-тестостерон (S1.1) – Бұған дейінгі IWF шешімі бойынша 2023 жылдың 21 желтоқсанына дейін спорттан шеттетілген.

Илья Ильин (Қазақстан) – Станозолол (S1.1 анаболикалық агенттер) – уақытша спорттан шеттетілген.

IWF-тің қағидаттары мен ережелеріне сәйкес спортшылардың істері жабылғанша олардың допингке қарсы тәртіпті бұзғаны үшін уақытша шеттетіледі.

ХОК шешімінен соң IWF осы нәтижелерді басқаруды өз қолына алады.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз