Елімізде жеті адам аса қауіпті күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен емханаға түсті

0
460

Қазақстанда жеті адам аса қауіпті күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен емханаға түсті. Бесеуі Қарағанды облысының тұрғындары деп хабарлайды КТК арнасы.

Елімізде жеті адам аса қауіпті күйдіргі дертін жұқтырды деген күдікпен емханаға түстіФОТО: © РИА НОВОСТИ/МАКСИМ БЛИНОВ

Денелерінде қотыр шыға бастаған соң дәрігерлер оларды жұқпалы аурулар бөліміне жатқызған. Ал Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында екі азамат мал сойған соң бірер сағаттан кейін денелерінде жара пайда бола бастағанын аңғарыпты.

Шақыртуға келген эпидемиологтар пышаққа ілінген ірі қара күйдіргі індетімен ауырған деген болжам жасап отыр. Нақты диагноз сараптама қорытындысы шыққан соң белгілі болмақ.

 

Дереккөз: КТК арнасы

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз