Пентагон: Ресей Балтық жағалауы елдерін басып алуы мүмкін

0
382

Пентагон Балтық елдері мен Ресей арасындағы ықтимал соғыстың орын алуы әбден мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы politonline.ru. ақпарына сүйенгенras.kz  хабарлады.

АҚШ қорғаныс министрі көмекшісінің орынбасары Майкл Карпентер осылай ойлайды. Ол НАТО-ның Балтық жағалауы елдері жерінде Ресеймен соғысқа дайындалып жатқанын айтты.

Ол Америкада Ресейдің Балтық елдеріне шабуыл жасау мүмкіндігі жөніндегі мәселені шындап қарастырылып жатқанын анық байқатқан. Карпентер Ресейдің Балтық жағалауы елдерін, содан соң Польшаны басып алуы мүмкін екені жайлы әңгіменің тым көп айтылып жатқанын жеткізді.

Ол сонымен бірге НАТО-ның Эстонияны, Латвияны және Литваны қорғап қалуға қабілетті емес екенін айтты.  Өйткені, бұл елдердің күшін Ресейдің күшімен салыстыру мүмкін емес.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз