Шымкенттік жігіт Кореяда жыл студенті атанды (фото)

0
398

Шымкенттік Дәулет Батырхан Оңтүстік Кореядағы Ульсан ұлттық ғылым және техника университетінің (UNIST) «Жыл студенті – 2016» атағын жеңіп алды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы жаңалықты Facebook парақшасында Нұрбол Төлеубаев бөлісті.

«Сүйінші хабар! Шымкент қазақ-түрік лицейінің түлегі Батырхан Дәулет Оңтүстік Кореядағы UNIST университетінің жыл студенті-2016 атағын жеңіп алды», – деп жазды ол құттықтауында.

Шымкенттік жігіт Кореяда жыл студенті атанды (фото)

Аталмыш ЖОО сайтында «Қазақстандық студент Дәулет Батырхан (Жаратылыстану ғылымдары мектебі)  және ганалық студент Стивен Корантенг Окронипах  (Электр-есептеу техникасы мектебі) биылғы үздік  шет ел студенттері атанды» делінген.

 

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз