Ең бастысы – менің үйлену тойым жақсы дәрежеде өтсе болды…

0
794

 

  • Ең бастысы - менің үйлену тойым жақсы дәрежеде өтсе болды... 

Жұмыстан қайтып бара жатып,қол көтеріп тұрған әдемі қазақ қызын көлігіме мінгізіп алдым. Таныстық, қалжыңдап әңгімеге тарттым. Біраз әңгімеден соң сүйкімді қыз:

«Болашақ күйеуім әдемі, сұлу, бойы ұзын болса, қымбат көлігі, екі қабатты котеджі, жалақысы жоғары жұмысы бар болса, арманым жоқ еді. Бірақ ондай жігіттерге талас көп. Жолы болған құрбыларым, баршылық. Енді мен де мүмкіндікті жібермеуге тырысып жүрмін», – деп тоқтады бейтаныс қарындас.

– Егер дәл осындай жігіт ажырасқан, отбасыға тұрақсыз, алғашқы жарын қан қақсатқан бұзық, өркөкірек болса ше? Үйленген күннің ертесіне үйге қонбайтын қатынқұмар жан болып шықса не істер едіңіз? Сізге бәрі бір ме? , – деп сауал қойдым.

– Несі бар? Ең бастысы – менің үйлену тойым жақсы дәрежеде өтсе болды. Қалғанын сосын көре береміз. Еркекті бағындырып алу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға әзірмін. Тек ертерек жолықтырсам екен. Сұлулығым солғын тартпай тұрғанда…

– Арманыңыз қиын болса да, орындалатындай-ақ екен. Жолыңыз болсын!

– Рақмет, аға. Айтпақшы, көлігіңізде темекі шегуге бола ма?

– Терезені ашып шеге беріңіз.

– Рақмет, аға.

-Оқасы жоқ.
Айдар Сейдазым

http://alashainasy.kz/fromsocial/en-bastyisyi—menn-uylenu-toyyim-jaksyi-darejede-otse-boldyi-84781/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз