Референдум қорытындысы: Ұлыбритания Еуропа Одағынан шығады

0
367

Ұлыбританияның Еуропа Одағынан шығуын жақтайтындар референдумда 16,7 миллион дауыс жинап жеңіске жетті. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасапNUR.KZ порталы хабарлайды.

Референдум қорытындысы: Ұлыбритания Еуропа Одағынан шығадыФОТО: RIA.RU

Тараптардың дауыс санында айтарлықтай алшақтық болмады. Бірнеше сағат бойы саналған дауыстардың нәтижесінде, екі тарап та алма-кезек алға басып отырды. Алайда ақырында Одақтан шығуды жақтайтындар басым шықты.

Референдум заңды түрде ештеңе міндеттей алмайды. Яғни үкімет елдің тағдырын өзі шеше алады.

Ал сарапшылар Дэвид Кэмерон референдумды өзі бастағандықтан, оның нәтижесін елемей жүре алмайтынын айтуда. Көбі премьердің жақын арада қызметінен кететініне сенімді.

ЕО-дан шығуды қолдайтындар өздерінің жеңіске жеткенін жариялап жатыр деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Біріккен корольдік тәуелсіздік партиясының жетекшісі Найджел Фарадж «Біріккен корольдікте тәуелсіздік таңы атты! Егер болжам рас болса, ол барлық британдықтар үшін, мықты адамдар жеңіс болмақ!» деп мәлімдеді.

Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның көмекшісі Reuters агенттігіне елдің «беймәлім территорияда» тұрғанын айтты.

Англияның солтүстік-шығысындағы қалалардың көпшілігі ЕО құрамынан шығуын қолдаса, Шотландия мен Солтүстік Ирландия тұрғындарының көпшілігі одақ құрамында қала беруге дауыс берген.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз