Түркістанның әкімі өз қаражатына 100 адамға қайырымдылық жасамақшы

0
580

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаев өз қаражатына 100 адамға арнап қайырымдылық жасайтын болды.

Түркістанның әкімі өз қаражатына 100 адамға қайырымдылық жасамақшы

Бұл туралы шаһар әкімі қасиетті Рамазан айында жергілікті тұрғындарға жасалып жатқан қайырымдылық шаралардың бірінде айтты деп хабарлайдыNUR.KZ-тің аймақтағы тілшісі.

Қала әкімі Өсербаев бір топ тұрғынды қабылдап, демеушілер есебінен азық-түлік үлестірді. Яғни, күнделікті тұрмысқа қажетті ас майы, ет, қант секілді қажеттіліктер салынған арнайы сөмкелер әлеуметтік жағдайы төмен жандарға табыс етілді.

Жергілікті биліктің айтуынша, мұндай қайырымдылық шаралары мұнымен тоқтап қалмайды. Мәселен, айлардың сұлтаны басталғалы бері 250-ге тарта түркістандық қайырымды жандардың шарапатына ие болып үлгерген.

Сондай-ақ қала басшысы өз қаражатына 100 азаматқа қолдау көрсетпек ниетте. Яғни, бұл игі ісін әкім өз отбасының атынан қолға алатын болды. Мақсат – әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға аз да болса қуаныш сыйлау.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз