Видео Саин-Райымбек қиылысында түсірілген. Куәгердің айтуынша, мұнда төмен көліктер жүріп өте алмайды.
Әлеуметтік желілерде осыған байланысты фото және бейне көріністер пайда бола бастады. Бұл жолы да Жібек жолы (Арбат), Райымбек және Сайын даңғылдарының кейбір учаскелері су астында қалды.
Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылы сәуір-мамыр айларында мол жауған жаңбырдың салдарынан жеке тұрғын үйлердің аулаларын су басуына қатысты 127 дерек тіркелген болатын.
Әсіресе, Алатау ауданында орналасқан Алғабас кентінің тұрғындары көп зардап шекті.
АЛМАТЫ. ФОТО VK.COM
АЛМАТЫ. ФОТО VK.COM
Кей қымбат көліктер тағы да жүзіп жүретін сыңайлы.
АЛМАТЫ. ФОТО VK.COM
Дереккөз: Nur.kz