Петропавлда ең ірі сауда орталығы түгелдей жанып кете жаздады

0
407

Петропавлда «Рахмет» сауда орталығы түгелдей жанып кете жаздады. Адам ең көп келетін сауда үйінде  өрт басталған кезде ішінде  300-ге тарта адам болған деп хабарлайды 31 арна.

Петропавлда ең ірі сауда орталығы түгелдей жанып кете жаздады31 АРНАДАН КАДР

Сауда орталығының жоғарғы қабатында балалар ойын-сауық орындары мен дүкендерде болған. Сол себепті құтқарушылар қауіпсіз жерге көшіру кезінде балалардың да көп болғанын айтады.

Ал тілсіз жаудың сауда орнына жайылып кетуінен қауіптенген мамандар, бірден үш өрт сөндіру бекеттерінің барлық техникасын жұмылдырған.

Өйткені жан-жағынан қалалық әкімдік ғимараты, жаңадан салынып жатқан мейрамхана бір-біріне өте тығыз орналасқан дейді төтенше жағдай қызметкерлері.

Өрт сөндірушілер қызыл жалын тұрмыстық заттар тұрған бөлмеден басталғанын айтады. Кесірінен тұрмыстық техника зардап шеккен.

«Өрт сөндірушілерді тез арада шақырғандықтан тілсіз жауды ауыздықтап үлгердік.  Әйтпеген жағдайда өрттің қаншалықты аумаққа шарпитынын елестету мүмкін емес. Бұл қаладағы ең ірі сауда орындарының бірі», – дейді ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

 

Дереккөз: 31 канал

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз