Балқашта құрықталған лаңкесшілерге қатысты тың ақпарат пайда болды

0
396

NUR.KZ тілшісі Қарағанды облысында террорлық акт ұйымдастырмақ болғаны үшін ұсталған күдіктілер туралы тың ақпарат жинақтады.

ФОТО: VLADTIME.RU

Күдіктілердің ең жасы 1987 жылы дүниеге келген. Ал ең үлкені 1977 жылы туылған. Олардың бәрі экстремистік көзқарастарды жақтап, халықаралық террорлық топтарға бүйірі бұрған.

Радикалды топ мүшелерін 27 маусым күні кешкісін құрықтаған. Ұсталған 11 адамның алтауы тергеу оқшаулағышына қамалды. Себебі, оларға қарсы ҰҚК қызметкерлері жеткілікті дәлел жинай алған. Ал қалған бесеуі қылмыстық іске куәгер ретінде босатылды.

Тағы бір күдікті құрықтау кезінде өзін өзі жарып жіберді. Гүлшат кентінің тұрғындары көршілері террорлық топтың жақтастары болып шыққанына аң-таң.

«Ол біздің көз алдымызда өсті. Кейін ірі қалаларға кетіп қалды. Жақында қайтып оралғанда, келбетінен біз оның дінге әуестенгенін бірден ұқтық. Алайда бұл эестремистік әрекет екенін білмедік», – дейді қаза болған күдіктінің көршісі Ертай Төреғожин.

Еске салсақ, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысында теракт ұйымдастыруға әзірленіп жатқан алты адамды 27 маусым күні құрықтаған болатын.

Күдіктілердің бірі құрықтау кезінде өзін өзі жарып жіберіп, көз жұмды.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз