Синоптиктер Алматыда күннің неге қатты күркірегенін түсіндіріп берді

0
423

Бірінші шілде күні Алматыда таңертеңгілік уақытта  күн қатты күркіреген болатын. Синоптиктер осыған байланысты түсініктеме берді деп хабарлайдыҚазАқпарат.

Синоптиктер Алматыда күннің неге қатты күркірегенін түсіндіріп берді

«Қазгидромет» РМК Алматы филиалының метеоболжам бөлімінің бастығы Светлана Аманқұлованың айтуынша, күннің күркірегені таңертеңгі сағат 07:25 пен 08:30 аралығында болған.

«Қазір Алматы облысы аумағында циклон жүруде. Бүгін күннің бұлтты болуы, оның батыстан шығысқа қарай бағытталғаны соған байланысты болып отыр. Осы бұлттардың бойында жекелеген ірі бұлттар қалыптасты. Оның төменгі шегі жерге дейін 4,5 шақырымды құрайды. Яғни, таудан да төмен. Осы бұлтта жылы және салқын ауа массаларының орын ауыстыруына байланысты қарқынды үдерістер, температуралық қарама-қайшылықтар орын алып, алып найзағайлар ойнап жатыр. Бұл үдерістер көктем және жаз айларының басында болатын қалыпты құбылыс», – деді Аманқұлова.

Алматыда жақын апталарда ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел тұрады. 4-6 шілдеде қаланың кейбір аудандарында бұршақ жауады деп күтілуде.

Еске салсақ, алматылықтар күннің қатты күркірегенінен қорқып, шошып оянған.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз