Президенттің сенімді өкілдері елдегі жағдайға кабинетінде отырып баға беретінін жасырған жоқ

0
427

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі. Ол елге шығып, біраз жайды көзімен көргенін жасырған жоқ.

Президенттің сенімді өкілдері елдегі жағдайға кабинетінде отырып баға беретінін жасырған жоқФОТО: NUR.KZ. БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ПЕН ЕРЛАН ҚАРИН

Жиырма жылдан бері терроризм саласын зерттеп, экстремизм бағыты бойынша сотталғандармен сараптау жұмысын жүргізіп жүрген саясаттанушы өз пікірімен бөлісті.

«Елге шығып, елдің арасында жүріп қарапайым адамдар не айтып жатыр екенін білу керек. Біз бәріміз орталықта отырамыз. Ақпаратты ақпарат құралдарынан аламыз. Оны өзімізше пайымдап, өзімізше сараптаймыз. Бірақ өз көзіңмен көріп, құлағыңмен естігенге ештеңе де жетпейді», – дейді президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин.

Саясаттанушы қоғамдық санамен жұмыс жасау керектігін баса айтты.

«Жағымсыз жайларды болдыртпаудың бірден бір жолы бәрінен тұмшаланып, оқшау өмір сүру. Бірақ бұл біздің жолымыз емес. Біз барлық елмен қатар тең мемлекет болғымыз келеді. Біздер жаһандық жағдайда бәсекелестікке қабілетті мемлекет болып үйренуіміз керек. Менің ойымша, біздер 25 жылда мемлекеттілікті құрып келсек, енді мемлекетшілікті қоғамдық санада орнатуымыз керек», – дейді саясаттанушы.

Президенттің сенімді өкілдері елдегі жағдайға кабинетінде отырып баға беретінін жасырған жоқ

Ақтөбеліктермен кездесуде саясаттанушы Ерлан Қарин біраз қобалжып кетті. Оны жасырған да жоқ. Жерлестерімен кездесуде оқыған мектебін, ол кездегі қазақ тілінің жағдайын еске алды.

Ерлан Тынымбайұлы ақтөбеліктерге елбасы жиі айтатын және өзінің көңіліне қонған сөздерді айтып берді.

«Жүзі таныс ағаларымды, ұстазымды көрген кезде біршама қобалжып отырмын. Мен халықпен кездесіп жүргеннен кейін тарихқа қызығушылығым әлі де бар. Қол тиген кезде экспедицияларға шығып, тарихи-археологиялық зерттеулерге қатысамын. Шетелдегі ағайындармен кездескен кезде бір байқағаным, қазақтың уайымы әртүрлі болса да, тілегі бір. Елдің бірлігін ойлаймыз. Елбасының бір сөзі ұнайды, оны ол кісі жиі қайталайды. «Тәуелсіздік үшін күрес, Тәуелсіздік алғанмен аяқталмайды. Керісінше, жалғаса береді. Біздің жасап жатқан әр қадамымыз сол тәуелсіздікті нығайту үшін» деген болатын. Біз осыны ұмытпауымыз керек», – дейді Ерлан Қарин.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз