Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова қайтыс болды

0
585

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған Салидат Қайырбекова ауыр сырқаттан көз жұмды.

ФОТО: RATEL.KZ

Бұған дейін ол Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында емделіп жатқан. Экс-министрдің қайтыс болуына байланысты премьер-министр көңіл айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

Қайырбекова Салидат Зекенқызы 1961 жылғы 1 тамызда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ол мемлекет және қоғам қайраткері, денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған

.1984 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқық тану» мамандығы бойынша білім алды. 2001–2006 жылдары – Қазақ мемлекеттік медицина академиясының қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды басқару кафедрасының ізденушісі.

1984–1998 жылдары Қарағанды облысының медицина ұйымдарында дәрігер-невропатолог, Қарағанды көп бағдарлы емдеу-диагностикалық бірлестігі бас дәрігерінің орынбасары болып жұмыс істеді. 1998–2001 жылдары – Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Қарағанды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының № 5 медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының төрайымы.

2001–2004 жылдары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бөлім бастығы, басқарма бастығы, емдеу-профилактикалық жұмыс департаменті директорының орынбасары, министрліктің Аппарат басшысы қызметін атқарды. 2004–2006 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина академиясының проректоры болды.

2014 жылдың тамызынан – 2015 жылғы 9 қазанға дейін – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі. 2015 жылғы 13 қазанда Салидат Қайырбекова «Ұлттық медицина холдингі» АҚ басқарма төрайымы қызметіне тағайындалды. Медицина ғылымдарының докторы болған.

 

Дереккөз: BAQ.KZ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз