Құрылыстағы әкесіне түскі ас тасыған жеткіншек төртінші қабаттан құлап кетті

0
503

Өскеменде 16 жастағы жеткіншек төртінші қабаттан құлап кетті. Жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқан ұл балаға туысқандары қан донорын таба алмай жатыр. Бұл туралы NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО-да құрылыстағы әкесіне түскі ас тасыған жеткіншек төртінші қабаттан құлап кеттіДОНОРЛЫҚ. ФОТО APIFI.COM

Жас баланың әпкесі оның құрылыстағы әкесіне түскі ас апарып тұратынын алға тартты. Кезекті рет барғанында жеткіншек абайсызда төртінші аттан құлап кеткен.

Қазір ұл бала ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Оған шұғыл қан құю керек. Қанның тобы маңызды емес.

Жеткіншекке көмектесу үшін Көкжал Барақ 50 А мекежайы бойынша Облыстық қан орталығына баруыңыз керек.

Қанды Равиль Дүсіпов атына тапсыратыныңызды ескерткен маңызды. Барлық сұрақтармен жеткіншектің әпкесі Аяужанға хабарласа аласыз: 8 705 502-10-94.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз