Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +42ºС дейін көтеріліп, аптап ыстық болады

0
409

Қазақстанның оңтүстігінде 9-11 шілдеде күндіз ауа температурасы +37+42ºС болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап ҚазТАГ.

Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +42ºС дейін көтеріліп, аптап ыстық болады

«Иран аудандарынан келген тропикалық ауа, оңтүстік-батыстық тропосфералық ағымдардың арқасында ауа температурасы көтеріледі. Күндізгі ауа температурасы плюс 28-36º, оңтүстікте 37-42ºС дейін қызады», – делінген жұмадағы хабарда.

Синоптиктердің ақпарынша, шілде өзінің жаз мезгілінің ең ыстық айы екендігін дәлелдей бастады.

«Егерде алдағы тәулікте, облыстардың басым бөлігінде найзағай ойнаған өткінші жаңбыр күтілсе, жексенбі мен дүйсенбі күндері бұл тектес ауа-райы батыс өңірде ғана сақталады. Еліміздің басқа аумақтарында жауын-шашынсыз ашық күндер келеді», – делінген мәтінде.

 

Дереккөз: КазТАГ

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз