Елімізде медицина туризмі дамымай отыр

0
423

 

  • Елімізде медицина туризмі дамымай отыр 

Елімізде холдингтер салынып, миллиондаған теңгеге қымбат жабдықтар алынып жатса да медицина туризмі дамымай отыр. Қазақстанға келіп шипа іздейтіндер саны тым аз. Мәселен былтыр 3623 шет елдік біздің елде емделіпті. Көрсеткіш көңіл көншітпейді. Ал қазақстандықтар керісінше, шет елге ағылып, сондағы ем үшін 1 жылдың ішінде кемінде 200 миллион доллар жұмсайды екен.

Жеке меншік клиникалардың есебінше, соңғы 10 жыл ішінде, қазақстандықтар 2 миллиард долларға жуық ақшаны шет елден ем алу үшін ғана жұмсапты. Қазақстаннан жылына 10 мыңға жуық науқас өзге елдегі дәрігерлердің көмегіне жүгінеді екен. Ал бізге келетіндердің саны керісінше 3 есе төмен. Бар-жоғы 3 мыңнан асады.

БАҚТИЯР БЕКІШЕВ, Алматы қаласы №7 клинкалық аурухана бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары:

– Біздерге жарнама жетіспейді. Биылдың өзінде шұғыл көмек шет елдің 5 азаматына көрсетілді. Жоспарлы көмек бойынша былтыр 15 науқас болды. Оның ішінде бүйрек трансплантациясы және нейроонкологиялық операциясы бар. Ал биыл бірінші жарты жылдықта 8 науқас ем алып кетті.

Медицина туризмі жақсы дамыған 10 елдің ішінде Швеция мен Швейцария, Түркия, Израиль, Корея бар. Біз тек 30 елдің қатарына кіреміз. Бұл Қазақстандағы медицина саласы ақсап тұр деген сөз емес. Өзге елдерде жасалатын түрлі оталарды , біздің дәрігерлер де жақсы әрі сапалы жасайды.

СӘБИТ ҮСЕНОВ, Емделуші:

– Үлкен мүмкіндік бар. Өз елімізде ота жасаған өте дұрыс. Өз мамандарымызға сену керек. Тәжірибені көбейтіп жатыр. Сол тәжірибенің арқасында мен өзіп байқап отырмын, жер жерден келіп жатыр.

Алайда науқастар әзірге тек ТМД төңірегінен жиі келеді. Әсіресе Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары біздің медицинаны құп көреді екен. Өйткені шет елде жасалатын күрделі оталардың бағасы Қазақстанда әлдеқайда арзан.

БАҚТИЯР БЕКІШЕВ,Алматы қаласы №7 клинкалық аурухана бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары:

– Бүйрек трансплантациясы оларда 25-30 мың долларға дейін барады. Бауыр транплантациясы одан екі есе жоғары. Сыртта келетін азаматтарға әлдеқайда арзан. Мысалы жиі жасалатын бүйрек трансплантациясына 5-6 мың доллар жұмсалады

Бұдан бөлек дәрігерлер нейроонтология, яғни бас миының ісігіне күрделі ота жасауға дайынбыз деп сендірді. Тіпті бірнеше рет жасалыпты да. Қазір ол науқастардың жағдайы жақсы. Мұндай операциялардың бағасы 20 мың долларға жуықтайды жеке клинкаларда. Ал ел азаматтары мемлекет қарамағындағы ауруханаларда керекті құжаттарды рәсімдеп, квота алса, барлығы тегін жасалады.

Әнуар Кәрібозов, Владислав Петров
31.kz

ttp://alashainasy.kz/saylyk/elmzde-meditsina-turizm-damyimay-otyir-85299/

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз