Журналист Дәурен Абаевқа телевизиядан жұлдыздарды аластататын басшы керектігін айтты

0
475

«Егемен Қазақстан» басылымына жаңа басшы келгеніне қуанған отандық журналист, енді əнші – жүргізушілерді «көк жəшіктен» аластайтын басшының да телевизияға қажет екенін айтып қалды.

Журналист Дәурен Абаевқа телевизиядан жұлдыздарды аластататын басшы керектігін айттыФОТО: QAZAQUNI.KZ

Журналист Арман Сқабылұлы бұл туралы ойын Facebook әлеуметтік желісіндебөлісті.

«Егеменге» елін сүйген азамат Дарқан Қыдырәлі басшы болып келіпті. Қуанып жатырмыз. Енді мемлекеттік телеарналарға тілін сүйген, ұлттық дəстүрімізді жақсы білетін, əнші – жүргізуші дегендерді «көк жəшіктен» аластайтын, танымдық бағдарламаларға назар аударатын, қалың көрерменді шетел сериалдарына телміртпейтін азаматтар басшылыққа келсе деген арман бар. «Егемендегі» өзгеріс телеарналарға жұғысты болсын, Абаев мырза!», – деп жазды журналист өз парақшасында.

Еске сала кетсек, 8 шілде күні Дархан Қыдырәлі «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ал бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев facebook-тегі ресми парақшасында хабарлаған еді.

 

Дереккөз: Nur.kz

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз